Қоғам

БАӘ-де қазақстандықтар террористерге көмекші топтың құрамында болған

Бас прокуратура хабарлағандай, БАӘ аумағында Ислам мемлекетіне жәрдемдесіп жүрген көмекшілер тобы құрықталды, олардың қатарында Қазақстан азаматтары да болған
Sputnik

АСТАНА, 26 наурыз — Sputnik. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың басшылығымен қазақстандық делегация Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми іссапармен барды, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Путин: террористер Орта Азия мен Ресейдің оңтүстігін тұрақсыздандырмақ

Бүгін Қайрат Қожамжаров БАӘ Федералдық прокуроры Аль-Шамсимен кездесті.

Әріптестер құқықтық ынтымақтастықты нығайту және шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады.

"Жасалған құқықтық көмек туралы келісімдер шеңберінде біздің мемлекеттер арасында тиімді ынтымақтастық күшейтілді. Бүгінгі кездесуіміз қылмыскерлерді экстрадициялау және ұрланған қаражатты қайтару мәселелері бойынша екіжақты қарым-қатынастарға жаңа импульс береді", — деп Қайрат Қожамжаров атап өтті. 

Қазақстанға соңғы 3 жылда БАӘ-ден іздеуде жүрген 10 адам экстрадицияланды.

Қазақстандық содыр 6 жыл іздеуден кейін Ауғанстаннан экстрадицияланды

Сонымен қатар, кездесу барысында терроризм және экстремизм, трансұлттық қылмысқа қарсы күресу саласындағы ынтымақтастық проблемалары қаралды.

Біріккен Араб Әмірліктері — осы мәселе бойынша Қазақстан үшін белсенді серіктес. 2013-2017 жылдар аралығында бірлескен шаралар қабылдаудың арқасында БАӘ территориясында бір топ ИШИМ (ИГИЛ) эмиссарлары мен көмекшілері әшкереленді, құрамында Қазақстан азаматтары болған.

Кездесу соңында қазақстандық делегация мүшелері шетелдік әріптестеріне алғысын білдіріп, құқықтық салада өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту қажеттігін айтты.