АСТАНА, 26 наурыз — Sputnik. Павлодарда Академик Сәтпаев және Максим Горький көшелерінің қиылысында орналасқан жеке үйге автокөлік бір-ақ соғылды, деп хабарлайды pavon.kz.
Қиылыста орналасқан бұл үйге үнемі көлік соғылып, қабырғасын қиратады екен. Бұл жолы үйге Volkswagen Golf көлігімен соқтығысқан Subaru қағып кірген.
Келтірілген шығын мен жол апатының себептері туралы мәлімет жоқ. Бәлкім, көктайғақ салдарынан болуы мүмкін.