АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Алдағы күндері Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының өзендерінде су арнасынан тасып, беткейлік ағын пайда болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
27 наурызда Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында, 27-28 наурыз аралығында Алматы облысы мен Алматы қаласының өзендерінде қатты жауын-шашын мен жоғары ауа температурасының әсерінен су тасып, беткейлік ағын пайда болады.