Оқиға

Кемерово сауда орталығындағы өртке жасөспірімдер айыпты болуы мүмкін

Соңғы деректер бойынша, жойқын өрт салдарынан 64 адам қаза тапқан. Өрт бірнеше кинозал мен балалардың ойын зонасы орналасқан жоғарғы қабаттан шыққан
Sputnik

АСТАНА, 26 наурыз — Sputnik. Кемероводағы "Зимняя вишня"  сауда орталығына өрт қойды деген күдікпен жасөспірімдер туралы жеке ақпарат құқық қорғау органдарына берілді, деп хабарлайды silver.ru.

Кемеровода өрттен 37 адам қаза болды

Төрт қабатты сауда орталығында өрт жексенбі күні шыққан. ТЖМ мәліметінше, 64 адамның қаза тапқаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның бірнеше себебі белгілі, олардың бірі – жасөспірімдер төртінші қабаттағы "Круча" ойын орталығында поролон текшелерді тұтандырып жіберген соң, өрт шыққан. Бұл жасөспірімдер өрттен аман қалыпты.  

"Ойын залына жасөспірімдердің өрт қойғаны туралы болжамды Кузбасс вице-губернаторы Владимир Чернов айтты", — деп хабарлайды басылым.

Тағы бір мәліметке сүйенсек, балалар мерекесі кезінде жағылған шамдар өртке себеп болуы мүмкін. 

Үшінші болжам бойынша, қысқаша тұйықталу салдарынан жалын лаулап жана бастаған.

Sputnik Қазақстан тікелей эфирінде қаза тапқандардың достары мен жақындары айтқандай, соңғы күндері сауда орталығында жарық жиі сөніп қалады екен.