АСТАНА, 25 наурыз — Sputnik. Төрт салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Хуан Мануэль Маркес мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) айналасындағы допинг дауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.
"Головкин тілін тыйып, "Канелоны" мазақ қылуды доғаруы тиіс. Ол жекпе-жекті не қабылдауына, не бас тартуына болады – қиын ештеңе жоқ. Ол "Канело" кленбутерол қабылдады ма, жоқ шынымен де мексикалық еттен болды ма, нақтысын білмейді. Тергеуді Невада штатының атлетикалық комиссиясы жүргізіп жатыр", — деді Маркес ESPN телеарнасындағы A Los Golpes бағдарламасына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, комиссия Альваресті бокстан уақытша шеттетуге шешім қабылдады. 10 сәуірде тыңдау өтіп, оның ісі бойынша соңғы шешім қабылданады. Әзірге реванш бұрынғысынша 5 мамырға жоспарланып отыр.