АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Қазақстандық боксшы Арман Рысбек (2-0, 1КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
27 жастағы қазақстандық боксшы аргентиналық қарсыласы Хонатан Эзекиель Агиррені нокаутқа жіберді.
Жекпе-жектің видеосын тағы бір қазақстандық боксшы Бобиржан Момынов (5-0, 4 КО) Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Менеджер Фархад Шариповтың айтуынша, Рысбектің келесі жекпе-жегі 6 сәуір күні Кильмес қаласында (Аргентина) өтуі тиіс, қарсыласы әзірге белгісіз. Момынов та осы күні рингке шығады. Оған жергілікті боксшы Габриэль Пуналев Кальфин (24-8-5, 9 КО) қарсылас болады.