Спорт

Қазақстан футболшылары Венгрия құрамасын жеңді

26 наурызда футболшыларымыз Болгария құрамасымен кездеседі
Sputnik

АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Қазақстан футболшылары Венгрия құрамасын 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды 24 хабар. 

Қазақстанның футбол құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

Түнде Будапештте футболдан Қазақстан және Венгрия құрамалары арасында өткен жолдастық кездесуде аяқдопшыларымыз 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойынның, әсіресе, жерлестеріміз үшін маңызы зор. Өйткені жақында ғана сайланған жаңа бапкер жігіттердің қарым-қабілетін байқап, алдағы уақытта ел намысын қорғайтын аяқдопшыларды іріктеп алады. 

Мажарстан футболшылары үшін де бұл шеберлікті шыңдап, тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік болғаны анық. 

Айта кетейік, Қазақстан мен Венгрия құрамалары ең соңғы рет 2014 жылы кездескен еді. Ол кезде Венгрия 3:0 есебімен жеңген еді. Ал 26 наурыз күні футболшыларымыз Болгария құрамасымен кездеседі.