Фото

Алматыда Ұлыстың ұлы күнін қалай қарсы алды?

Sputnik

Алматыдай жайма-шуақ қалада жыл сайын Ұлыстың ұлы күнін ерекше ойын-сауықпен тойлайды. 

Жүздері бал-бұл жанып, мейрамдап жүрген қала тұрғындары, ұлттық ойындар мен әдет-ғұрыптар — осының бәрін біздің фотолентамыздан тамашалай аласыздар.

1 / 12
Көктем мен табиғаттың жаңару мерекесі - Орта Азия халықтарының ең сүйікті мейрамы.
2 / 12
Көнеден келе жатқан мейрам болса да, ерекше қуанышпен тойланып, бүгін де жаңа рухани-этникалық мәнге ие болған.
3 / 12
Ежелгі жылнама бойынша, бұл күн 22 наурызға, яғни көктемгі күн мен түннің теңелуіне дөп келеді.
4 / 12
Сол себепті қазақтар бұл айды Наурыз деп атайды.
5 / 12
Дәл осы күні табиғат қысқы ұйқыдан оянып, жаңарады деп есептеледі.
6 / 12
Бұл күні қар жауса, жақсылықтың нышаны деген сөз.
7 / 12
Тіпті қазақ ертегілеріндегі ару қыздардың сұлулығы осы Наурыз күнгі жауған аппақ қарға теңеледі.
8 / 12
Наурыз - Ұлыстың ұлы күні.
9 / 12
Халықтың наным-сенімі бойынша, Наурыз мейрамын ұлан-асыр етіп, қызық думанмен тойласа, жыл бойы молшылық, ырыс-береке жоғалмайды.
10 / 12
Наурыз қарсаңында үй іші тазаланып, адамдар біреуден алған қарызын қайтаруға тырысқан.
11 / 12
Бір-бірімен ренжіскен жандар болса, ымыраға келіп, қайта татуласып, қауышқан.
12 / 12
Алматыдағы Наурыз мейрамын тойлау сәті.