Өңірлер

Ақтауда Наурыз мейрамын тойлау кезінде қарт әйел жоғалып кетті

Туған-туыстары 70 жастағы Бақыт Хисметованы іздеп жатыр, ол жағалауда мейрамды тойлау кезінде жоғалып кеткен
Sputnik

АСТАНА, 23 наурыз — Sputnik. Ақтауда Наурыз мейрамын тойлау кезінде 70 жастағы әжей жоғалып кетті, деп хабарлайды жергілікті lada.kz сайты.

Бақыт Хисметова бейсенбі күні Ақтаудың 15-ші шағын ауданындағы жағалауда жоғалып кетті.

Бакыт Хисметова

"Күндіз шамамен 15:30-кезінде, 15-ші шағын аудандағы жағалауда анамыздан көз жазып қалдық. Мейрам кезінде қалың топтың арасында адасып қалды. Үстінде қоңыр пальто, басында көк орамал, қолында қоңыр сөмкесі бар. Көрген-білгендер болса, бізбен хабарласуларыңызды сұраймыз", — дейді жоғалған әжейдің қызы Орынгүл Хисметова.

Жақындары полицияға әжейдің жоғалып кеткені туралы арыз берген. Мына нөмірлерге хабарласуға: 8 702 747 6332; 8 778 994 2504 немесе полицияға қоңырау шалуға болады: 102.