Саясат

Елбасы Самарқандқа барып, Наурыз мейрамын Мирзиёевпен бірге атап өтті

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері қос ел арасында қалыптасқан қарым-қатынасқа жоғары баға берді
Sputnik

АСТАНА, 22 наурыз — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастардың ахуалын жоғары бағалап, оларды әрі қарай дамытудың перспективаларын талқылады.

Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Атап айтқанда, өзара сауда айналымының ұлғайғаны, екі елдің бизнес қауымдастығы өкілдері арасында табысты байланыстар ілгерілеп келе жатқаны атап өтілді.

Қазақстан президенті халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да екіжақты ықпалдастықтың табысты болып отырғанын айтты.

Бұдан бөлек, Самарқанд қаласына жұмыс сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен бірге "Хазірет Қызыр" мемориалды кешеніне барып, Өзбекстан Республикасының тұңғыш Президенті Ислам Кәрімовтің рухына тағзым етті. 

Сондай-ақ, екі мемлекет халқына ортақ Наурыз мейрамы қарсаңында Мемлекет басшысы Өзбекстан  Президентімен бірге Самарқанд қаласының бірқатар мәдени-тарихи орындарын аралап көрді.