Өңірлер

Сырдария өзені аңғарынан асып, тас жолды су алып кетті

Жалағаш-Жосалы автожолының 3,5 километрін су алып кеткен
Sputnik

АСТАНА, 22 наурыз — Sputnik. Сырдария өзенінде су деңгейі көтеріліп, салдарынан Жалағаш – Жосалы тас жолының учаскесін су алып кетті.

Шығыс Қазақстанда көпірді су алып кетті

Су басу 21 наурызда таңертең Қармақшы ауданы Қызылтам ауылына жақын жерде болған.

"Су алып кеткен учаскенің ұзындығы 3,5 километр. Жергілікті билік өкілдері учаскені жауып, көліктер айналма жолмен қатынап жатыр", — деп мәлімет берді Қазақстанның ІІМ ТЖ жөніндегі комитет баспасөз қызметі. 

Төтенше жағдай орнында инертті заттармен толтырылған 1500 қап төселді. Жиналған суды ағызу және трассаны нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.