Оқиға

Астанада кран құлап, 29 жастағы жігіт қаза тапты

Алдын ала болжам бойынша, трагедияға ауа райының бұзылуы себеп болуы мүмкін – елордада жел күшейіп тұр
Sputnik

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешені алаңында мұнара краны құлады.  

Астанада қатты желден мұнара краны құлап қалды
Оқыс оқиға дүйсенбі күні таңертең "Ақ Дидар" кешенінің құрылыс алаңында болған.  

"Департаментте комиссия құрылды. Себебін сол ғана анықтай алады. Алайда оқиға қатты желмен байланысты екені анық", — деп түсініктеме берді  Инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Владимир Овчинников. 

Оның айтуынша, жұмыс беруші компания қаза болған жігіттің отбасына көмек көрсетеді. Трагедияның нақты себебі 10 жұмыс күнінен кейін белгілі болады. 

Наурыз айының басында елорданың "Сарыарқа" ауданында осыған ұқсас оқиға болған еді. Болжамдардың бірі бойынша кран қатты желден тұйық тіреуішке соғылған. Ол кезде ешкім зардап шекпеді.