Әлем

Францияның экс-президенті қамауға алынды

Францияның экс-басшысы сайлауалды науқанын Ливия үкіметі қаржыландырды деген күдікпен ұсталды
Sputnik

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Францияда бұрынғы президент Николя Саркози ұсталды.

Monde француз басылымы дереккөзге сілтеме жасай отырып экс-президенттің  Париждің маңында абақтыға қамалғанын хабарлады. 

Саркозидің 2007 жылғы президент сайлауындағы науқанын Ливия қаржыландыруы мүмкін. Осы істің аясында экс-президент ұсталды. Ол 48 сағатқа қамауға алынды, осыдан кейін Саркозиге айып тағылуы тиіс. 

Айта кетейік, 2012 жылы Mediapart басылымы Саркозидің президенттік науқанына қажет 50 миллион еуроны ливия билігі бергенін растайтын құжаттарды жариялаған болатын. Бұл іс бойынша сот әлі жүріп жатыр.