Өңірлер

Еліміздің екі облысында ауа райы қолайсыздығынан жолдар жабылды

"Орал-Атырау", "Самара-Шымкент", "Ақтөбе-Орынбор" және "Ақтөбе-Астрахань" жолдары жүк көлігі мен жолаушылар транспорты үшін жабылды
Sputnik

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында ауа райы қолайсыздығына байланысты көліктердің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлайды Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет баспасөз қызметі.

Көктайғақ пен су тасқыны қаупіне байланысты бірнеше жол жабылды

20 наурызда көктайғаққа байланысты республикалық деңгейдегі "Орал-Атырау" жолының учаскесінде (129-311 километр, Чапаев ауылынан Атырау облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Ақтөбе облысында сағат 04.55-тен бастап жаңбыр мен көктайғақ салдарынан келесі жолдарда қозғалыс шектелді: "Самара-Шымкент" (773-965 километр, Белогорка ауылы-Қарабұтақ ауылы), "Самара-Шымкент" (723-526 километр, Ақтөбе қаласы-БҚО шекарасы), "Ақтөбе-Орск" (39-135 километр, Ш.Қалдаяқов ауылы – РФ шекарасы), "Ақтөбе-Орынбор" (24-99 километр, Хлебодаровка ауылы – РФ шекарасы), "Ақтөбе-Астрахань" (11-92 километр, Ақтөбе қаласы – Қандыағаш қаласы), "Солтүстік айналма" (0-39 километр, Ақтөбе қаласының айналма жолы).

Қозғалыс жүк көліктері мен жолаушылар транспорты үшін шектелген.