Әлем

Цирк әртісі сахнадағы қойылым кезінде биіктен құлап кетті

Жазатайым оқиға адами фактор кесірінен болған – әртістер өз құралдарын өздері әзірлейді
Sputnik

АСТАНА, 20 наурыз — Sputnik. "Цирк Мстислава Запашного" әртісі Антон Мартынов Элистадағы қойылым кезінде биіктен құлап кетіп, Ростов-на-Дону қаласына апара жатқан жолда жан тапсырды.

Цирк әртісі көрермендердің көз алдында биіктен құлап қаза тапты

"Бұл хабарды естірту өте қиын… Бүгін Элистадан Ростов-на-Дону қаласына бара жатқан жолда Антонның жүрегі тоқтап қалды… Антонның жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", — делінген цирктің әлеуметтік желідегі тобында.

Әуе гимнасты бес-алты метр биіктіктен құлап, басынан ауыр жарақат пен әртүрлі сынықтар алған. РИА Новости басылымына цирктің берген мәліметінше, жазатайым оқиғаға адами фактор себеп болыпты – карабин бекітілмей қалған. Әртістер цирк қызметкерлеріне сенбей өз құралдарын өздері әзірлеп, өздері бекітеді.