Спорт

Головкиннің андеркатында жеңілмеген қос боксшы жұдырықтасады

Головкин-Альварес реваншы 5 мамыр күні өтеді
Sputnik

АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik. Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің андеркартында кімдер өнер көрсететіні анықталды, деп хабарлайды prosports.kz.  

Аңыз боксшы Головкин "Канеломен" жүз пайызға бокстаспағанын айтты
Golden Boy Promotions президенті Эрик Гоместің айтуынша, екінші жеңіл салмақ дәрежесінде чемпиондық жекпе-жек өтеді. 

WBA чемпионы пуэрториколық Альберто Мачадо (19-0, 16 КО) мен титулға міндетті үміткер ганалық Рафаэль Менс (31-0, 23 КО) кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен "Канело" 5 мамыр күні Лас-Вегаста кездеседі.