Өңірлер

3 миллионға әжетхана салған экс-әкім ірі көлемде айыппұл төлейтін болды

Жетісай қаласының бұрынғы әкімі Байдуалы Базарбаев мемлекетке 12 миллион теңге төлеуі тиіс
Sputnik

АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында Жетісайдың әкс-әкімі Байдуалы Базарбаева пара алды деп танылды.  

Жетісайда үш миллион теңгеге әжетхана салған әкім парамен ұсталды
Іс материалы бойынша, Базарбаев арам жолмен 200 мың теңге алған. Мақтаарал аудандық соты оған 6 еселенген көлемде, яғни 12 миллион теңге айыппұл салды.  

Базарбаев сотта өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда ол мемлекетке 4 миллион теңге төлеп үлгерген.  

Байдуалы Базарбаев өткен жылдың қаңтарында Жетісайда қоғамдық әжетхананы таныстырғаннан кейін танымал болып шыға келген еді. Оның құрылысына, БАҚ-тың мәліметінше, 3 миллион 140 мың теңге жұмсалған.