Өңірлер

Қостанайда оқушы қыздың өліміне қатысты тың дерек жарияланды

Мектептің берген мәліметінше, қыз бала тәтесінің қолында тұрып оқыған, тәртіпті әрі инабатты оқушы болған, спортпен шұғылданған
Sputnik

АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik. Қостанайда 15 жастағы оқушы қыз көптеген пышақ жарақатынан жан тапсырған, деп хабарлайды "Наша газета" басылымы.

Көкшетауда өлі деп саналған қыз үйіне оралды

Қылмыс 17 наурызда болыпты. Полиция деректі растағанымен, қайғылы оқиғаның анық-қанығымен бөліспеді. 

Порталдың мәліметіне сүйенсек, қыз бала көптеген пышақ жарақатын алған. Денесін оқушыға кішкентайынан қамқор болып жүрген тәтесі тауыпты. Әкесі қыздың анасын өлтіргені үшін сотталып, екі жыл бұрын рақымшылықпен бостандыққа шыққан екен.

"Қыз бала — ибалы, инабатты. Регбимен айналысатын. Не болғанын білмейміз, мектептегілердің бәрі естіп шошып кетті", — дейді мұғалімдердің бірі.

Таныстары мен достарының айтуынша, қыз бала қаза тапқан күні жаттығуға барып, кешке үйіне оралған.

"Кешкі 10 кезінде "ВКонтакте" желісіндегі топта үйде жанжал ма, айғай шу ма, бірдеңе болып жатқанын жазды. Кейін бәрін айтып беремін деген, — дейді мектептегілер. – Көп ұзамай қызды өлі күйінде тауыпты".

Болжамдардың бірінде, тәтесі үйден шығып кетіп, қайтып оралғанда көптеген пышақ жарақатын алған қызды көрген.  

Қостанай облысы ІІД жасөспірімнің өліміне қатысты ресми хабарлама әзірленіп жатқанын айтты.