Қоғам

"Қазақ аруы" байқауында ақтаулық бойжеткен жеңіске жетті

Нәбира Рақымжан байқаудың гран-при иегері атанды
Sputnik

АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Кеше Алматыда "Қазақ аруы" байқауының финалы өтті. Гран-при ақтаулық ару Нәбира Рақымжанға бұйырды, деп жазады lada.kz

Бірінші орынды қарағандылық Ақбота Бақытқали иеленсе, екінші орынды шымкенттік бойжеткен Ақмарал Айтбаева алды. Үшінші орын Ресейден келген Самал Мурадияеваға бұйырды.

Айта кетсек, "Қазақ аруы" байқауын белгілі продюсер Баян Алагөзова ұйымдастырады. Жоба қатысушыларына қойылатын басты талаптар: қазақ тілін, қазақ халқының тарихы мен әдебиетін, ұлттық салт-дәстүрлерді білу.

 

 

Осыған дейін Нұргүл Асанова, Әлмира Ахатова, Кәмшат Қоскелова, Гүлназ Жоланова, Әйгерім Қанатбаева, Айғаным Өтепбергенова жеңімпаз атанған еді.