Әлем

Цирк әртісі көрермендердің көз алдында биіктен құлап қаза тапты

Әртіс шығыршықтармен өнер көрсетіп жатқанда қолы тайып кеткен
Sputnik

АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik. АҚШ-тың Флорида штаты Тампа қаласында Cirque du Soleil цирк әртісі қойылым кезінде, биіктен құлап қаза тапты.

Цирк әртісінің биіктіктен құлап кеткен сәті видеоға түсіп қалды

Оқиға сенбі күні кешкісін болды. Акробат Янн Арно қосарлы шығыршықтармен өнер көрсетіп жатқанда, қолы тайып кетіп, алты метр биіктіктен жерге құлады, деп жазады РИА Новости WFLA телеарнасына сілтеме жасап.  

Әртіс ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

"Cirque du Soleil отбасы болған оқиғаға есеңгіреп, қатты қайғырып отыр. Янн 15 жылдан бері бізбен бірге болды, оны білген жандардың бәрі жақсы көретін", — деп мәлімдеді Cirque du Soleil бас атқарушы директоры Дэниел Ламарр

Жазатайым оқиға екеніне қарамастан, полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.