Қоғам

WhatsApp-та өміріңізді жеңілдететін үш жаңа функция пайда болды

Жаңа функциялар мессенджер қолданушыларына қолжетімді
Sputnik

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. WhatsApp мессенджерінің жаңа нұсқасында қосымша функциялар іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

WhatsApp жаңа функцияны іске қосты
Енді Android қолданушылары мессенджердегі топтарға сипаттама қоса алады. Сипаттама топқа шақыру сілтемесі арқылы жаңа қатысушыларды қосқан кезде көрініп тұрады. Сондай-ақ, қосымшаның кезекті нұсқасында топтағы іздеу функциясы арқылы қатысушылар туралы ақпарат алуға болады.

Бұған қоса, енді қолданушылар дауыстық қоңырау арқылы сөйлесіп жатып, "Видео"деген батырманы басу арқылы бейнеқоңырауға оп-оңай ауыса алады.