Спорт

Аңыз боксшы Головкин "Канеломен" жүз пайызға бокстаспағанын айтты

Шугар Рэй Леонардтың пікірінше, Головкин кеудеден соққы жасамаған, ал ол мүлт кеткен кезде "Канело" жауап қайтармаған
Sputnik

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Бес салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Шугар Рэй Леонард Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) жекпе-жегіне пікір білдірді, деп хабарлады Sports.kz.  

Көріпкел әйел Головкин –"Канело" жекпе-жегі қалай аяқталатынын айтты
"Жекпе-жек жап-жақсы өтті, алайда біз күткендей болмады. Бұл жолы Головкиннің кеудеден жасайтын соққысын көрмедік, ал ол мүлт кеткен кезде "Канело" жауап қайтармады. Олар бірін-бірін қатты құрметтейтінін байқатты. Соққы болмады. Белбеу үшін, атақ үшін айқасқа түскенде жүз пайызға күш салу керек еді – олар өзін жүз пайыз көрсеткен жоқ. Тең нәтиже болды ма дегенге келсек. Кім жеңгенін біз білмейміз, алайда кім басым түсіп, кім ұтылғанын олардың түйсіктері сезеді", — деді Леонард The Ring-ке берген сұхбатында. 

Алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегасте өтіп, тең аяқталды. Реванш сол жерде 5 мамырда өтеді.