Оқиға

Шымкентте қаскөйлер бизнесменнің отбасын қырып салды

Жантүршігерлік қылмыс қаладағы Тассай тұрғын үй алабында болды
Sputnik

АСТАНА, 17 наурыз – Sputnik. Кеше Шымкенттегі Тассай тұрғын үй алабында белгісіз біреулер кәсіпкердің отбасын қырып салды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Көлікте кәсіпкер мен кішкентай ұлының денесі табылды

Қаскөйлер үйге баса-көктеп кіріп, кәсіпкердің әйелі мен енесін өлтірген. Бизнесменнің студент қызы құтылып үлгеріп, полицейлерге болған оқиға туралы хабар берген. 

Отағасының фермасы мен бірнеше дәмханасы бар екені белгілі болды. Кәсіпкердің өзіне не болғаны әзірге белгісіз. 

Адам өлімі фактісі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.