Өңірлер

Ақмола облысында мас ер адам қаруланып, көшеге шыққан

Ер адам енді айыппұл төлеп, тіпті бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Sputnik

АСТАНА, 17 наурыз — Sputnik. Ақмола облысы Жарқайың ауданының орталығында мас ер адам қару ұстап, көшеде жүрген, деп хабарлайды ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Мұғалімдерге мектепте қару ұстауға рұқсат етілді

Державинскте 9 наурыз күні кешкісі патруль 27 жастағы күдікті ер адамды байқайды. Анықталғандай, ол мас жергілікті тұрғын екен. Ер адам АІІБ-не жеткізіліп, тінту барысында одан 16 калибрлі мылтық алынған.

"Қару ІІБ-де тіркелмеген, баллистикалық сараптама қорытындысы бойынша атуға жарамды екен. Ер адамның айтуынша, қаруды тауып алып, үйінде сақтап жүрген", — деп хабарлады полиция.

Аталған дерек бойынша оқ ататын қаруды заңсыз сақтау бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті 2 000 АЕК айыппұл төлеу немесе бір жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілуі мүмкін.

"Күдікті қаруды өткізгенде, өтемақы алар еді, ал енді ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ", — деді полиция.