Спорт

Қазақстандық 6 боксшы халықаралық турнирдің финалына шықты

Финалға шыққандар қатарында құрама капитаны Әділбек Ниязымбетов та бар
Sputnik

АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Бокстан Қазақстан құрамасының боксшылары Польша астанасы Варшавада өтіп жатқан Феликс Штамм атындағы турнирге қатысып жатыр, деп хабарлады prosports.kz.  

Екі бірдей қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді
Қазақстандық боксшылардың алтауы финалға шықты. 

Финалға шыққандар қатарында Қазақстан құрамасының капитаны Әділбек Ниязымбетов та бар. Әділбектен өзге турнирдің бас жүлдесіне Антон Пинчук (91кг дейін), Абай Төлеш (75кг дейін), Асланбек Шымбергенов (69кг дейін), Бекдәулет Ибрагимов(64кг дейін) және Ілияс Сүлейменов (56 кг дейін) таласады. 

Финалдық кездесулер ертең өтеді.