АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. АҚШ президентінің үлкен ұлы – кіші Дональд Трамп әйелімен ажырасатын болды, деп хабарлайды РИА Новости Page Six басылымына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, ажырасуға АҚШ президентінің келіні Ванесса Трамп ниет білдірген – ол Манхэттен сотына ажырасу үшін арыз беріпті. Басылымның хабарлауынша, ерлі-зайыптылардың екеуі де ажырасқысы келіп оты. Сол себепті, заң жағынан алып қарағанда, олар бес баласына қамқорлық пен дүние-мүлікке таласа қоймайды.
Модель Ванесса Хейдон кіші Дональд Трампқа 2005 жылы қарашасында тұрмысқа шыққан.