Саясат

Қазақстан бақытты елдер рейтингінде Өзбекстаннан қалып қойды

ТМД-дағы ең бақытты ел – Өзбекстан, рейтингте 44-орынға жайғасқан
Sputnik

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Бақытты елдер рейтингінде Қазақстан Өзбекстан мен Ресейден кейін 60-орынға орнықты. 

Мирзиеёв қазақтардың Өзбекстан жайлы не білетіні туралы видео жариялады
Әлемдегі ең бақытты ел Финляндия болып шықты. Алғашқы ондыққа сонымен бірге Норвегия, Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Канада, Жаңа Зеландия, Швеция мен Австралия кірді.  

Ең бақытсыз елдер – Гаити, Либерия, Сирия, Руанда, Йемен, Танзания, Оңтүстік Судан, Орталық Африка Республикасы мен Бурунди. 

Қазақстан аталған рейтингте – 60-орында. Өзбекстан 44, ал Ресей 59-орынға тұрақтаған. 

Бақытты елдер рейтингін жасау кезінде азаматтардың өмір сүру ұзақтығы, жан басына шаққандағы ЖІӨ, басқа да экономикалық көрсеткішкер ескеріледі.