АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. Интернетте ер адам көпқабатты үйдің ауласында "Жигулидің" артқы бөлігін "болгаркамен" кесіп тастағаны жайлы видео жылдам таралып жатыр, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.
Роликтен көріп отырғанымыздай, ер адам көлігінің зақым келген бамперін видеоға түсіріп тұрып, басқа бір жүргізуші тұраққа дұрыс қойылмаған "Жигулидің" жүк салғышын "болгаркамен" кесе бастағанын байқап қалған.
Телефонға түсіріп тұрған адам одан неліктен бұлай жасап жатқанын сұрағанда, ол: "Үнемі осылай қойып кетеді! Көлігімді қалай қоямын?" деп жауап береді.
Ер адам жүксалғыштың кедергі келтірген бөлігін кесіп тастаған соң көлігін еш қиындықсыз тұраққа қояды. Видеоның қайда түсірілгені белгісіз.