Әлем

Меркель төртінші рет Германия канцлері болып сайланды

Меркельдің кандидатурасын тек 364 депутат қолдады, оған "қарсы" 315-і дауыс берген
Sputnik

АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. Германияда Бундестаг депутаттары сәрсенбі күні Христиан-демократиялық одағының лидері (ХДО) Ангела Меркельді Германия канцлерлігіне сайлады. Осылайша, Меркель төртінші рет қатарынан ГФР канцлері болып сайланды, деп хабарлады centralasian.org.

Назарбаев Арменияның жаңа президентін құттықтады
Меркельдің кандидатурасын тек 364 депутат қолдады, оған "қарсы" 315-і дауыс берген. Тоғызы қалыс қалған.

2017 жылдың қыркүйек айында өткен сайлауда Меркельдің консервативті блогы жеңіске жеткен. Бірақ нәтижесі тарихтағы ең төмен көрсеткіш – ол бар-жоғы Бундестагтың 34,70 пайыз орнын алған.

Жарты жыл бойы Меркель коалиция жөнінде келіссөздер жүргізді. Бастапқыда Еркін демократиялық партия (FDP) либералдарымен, бірақ қараша айында біріншісі "Меркельмен ортақ идеямыз жоқ" деп қарым-қатынасты үзген. Осыдан кейін Меркель Мартин Шульц басқаратын Германияның Социал-демократиялық партияның қолдауына үміт артты. Қаңтар айынан бері жаңа кабинет құру жөнінде келісімге келді.