АСТАНА, 14 наурыз — Sputnik. Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет қысқы Паралимпиадада алтын медаль алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.
Шаңғышы Александр Колядин Паралимпиада чемпионы атанған.
Қазақстандық спортшы 1,5 километрлік классикалық стильдегі спринтте топ жарып, 4:19.7 уақытта мәре сызығын бірінші болып кесті.