Оқиға

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

Жүк көлігімен соқтығысқан Audi 100 бірнеше метрге ұшып түскен
Sputnik

АСТАНА, 14 наурыз— Sputnik. Алматыда жеңіл көлік жолда тұрған жүк көлігін қатты жылдамдықпен келіп соққан, салдарынан екі адам көз жұмды.  

 Әйел тізгіндеген Audi 100 автокөлігі Әл-Фарабимен келе жатқан. Sputnik Қазақстанға куәгерлер хабарлағандай, Шашкин және Esentai Mall көшелерінің арасында жүргізуші жолда тұрған жүк көлігін көрмей қалса керек, тежегішті басып үлгермей, бар жылдамдықпен оған соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көлікті артқа бірнеше метрге лақтырып жіберген, сау-тамтығы қалмаған.   

1 / 4
Audi 100 жүк көлігімен соқтығысты
2 / 4
Audi 100 жүк көлігімен соқтығысты
3 / 4
Audi 100 жүк көлігімен соқтығысты
4 / 4
Audi 100 жүк көлігімен соқтығысты

Жол апаты салдарынан жүргізуші әйел мен оның үш жасар қызы көз жұмды. Сонымен қатар, жол жұмысшысы әр түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.  

Мәйіттерді автокөліктен шығару үшін оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шақыртылды.  

Оқиғаның мән-жайын жол және криминальды полиция қызметкерлері анықтап жатыр.