Спорт

Стойлов Қазақстан құрамасына шақырған футболшылар белгілі болды

Жаңа бапкер ұлттық құраманы негізінен "Астана" мен "Қайрат" футбол клубтарының ойыншыларынан жасақтаған
Sputnik

АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Қазақстан құрамасы Венгриямен 23 наурыз күні Будапешт қаласында кездеседі. Ал 26 наурыз күні Венгрияның Фельчут қаласында Болгариямен ойнайды, деп хабарлады prosports.kz

Қазақстанның футбол құрамасына жаңа бапкер тағайындалды
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов Венгрия және Болгарияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының тізімін жариялады:

Қақпашылар: Александр Мокин, Ненад Эрич (екеуі де – "Астана"), Владимир Плотников ("Қайрат");

Қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый, Евгений Постников (барлығы – "Астана"), Гафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов, Станислав Лунин, Нұралы Әліп (барлығы – "Қайрат");

Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов (екеуі де – "Астана"), Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Магомед Парагульгов (барлығы – "Қайрат");

Шабуылшылар: Алексей Щеткин, Роман Муртазаев, Юрий Перцух (барлығы – "Астана"), Сергей Хижниченко, Еркебұлан Тұңғышбаев (екеуі де – "Ордабасы"), Еркебұлан Сейдахмет ("Уфа", Ресей).

Резерв:

Қорғаушылар: Дмитрий Мирошниченко, Виктор Дмитренко (екеуі де – "Тобыл"), Александр Марочкин ("Қайсар").

Премьер-лиганың екінші турының ойындарынан кейін Ұлттық құраманың сапында өзгерістер болуы мүмкін.

Қазақстан құрамасы Венгриямен 23 наурыз күні Будапешт қаласында кездеседі. Ал 26 наурыз күні Венгрияның Фельчут қаласында Болгариямен ойнайды.