Оқиға

Қостанайда 8 наурызда пышақталған әйел ауруханада көз жұмды

Мереке күні 48 жастағы әйел пышақ жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілген
Sputnik

АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Қостанайда 8 наурызда ауруханаға пышақ жарақатымен түскен әйелдің өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады, деп хабарлайды alau.kz. 

Пышақталған әйел қалалық ауруханаға сағат 23.45-те өте ауыр хәлде жеткізілген. Бұл ақпаратты медициналық мекеменің бас дәрігерінің орынбасары Игорь Войтов растады. 

"Әйел бірнеше пышақ жарақатымен келіп түсті. Оның ішінде кеуде тұсына жасалған соққыдан өкпесіне зақым келген. Біздің дәрігерлер екі операция жасады, бірақ оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Өйткені әйел ауруханаға жеткізілгенше көп қан жоғалтқан", — деп хабарлады Войтов. 

Әйел 48 жаста болған. 

Басылым облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне осы қылмысқа қатысты ресми сауал жіберген, бірақ әзірге жауап жоқ.