Оқиға

Астанада үйінді астынан әйел мен баланың мәйіті табылды

Қазіргі таңда "Оңтүстік-Шығыс" шағын ауданындағы өрт сөндірілді, үйінділерді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Астананың төтенше жағдайлар департаменті "Оңтүстік-Шығыс" шағын ауданындағы өрт кезінде адам шығыны болғанын хабарлады.  

"1994 жылы туған қыз зардап шекті. Ол оң жіліншігін сындырып алған,  №1 қалалық ауруханаға жатқызылды. Өрттен кейін үйінділерді қарау барысында әйел мен баланың мәйіті табылды", — деп хабарлады құтқарушылар. 

 

Өрттің себебі анықталып жатыр.  

Естеріңізге сала кетейік, Астанада "Оңтүстік-Шығыс" шағын ауданындағы үш қабатты коттедж өртенді.