Экономика

Астанаға тартылатын газдың бағасы қанша болады?

Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағыты бойынша газ құбырын салуға 267 миллиард теңге қажет
Sputnik

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев "Сарыарқа" газ құбырының құрылысы аяқталғаннан кейін газдың бағасы қанша болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бозымбаев Астанаға газ тартуға ақша қайдан алынатынын айтты
Үкімет отырысынан кейін журналистер Бозымбаевтан Астанаға келетін көгілдір отынның болжамды бағасын сұрады. Министр газ көмірмен салыстырғанда қымбат болатынын жасырмады. 

"Газ Еуропамен салыстырғанда өте арзан. Ақтөбе облысымен салыстырғанда, ол шынымен қымбат. Шымкент, ОҚО немесе Алматы облысына қарағанда соншалықты қымбат емес. Біз газдың бағасын болжаммен бір текше метріне 47-50 теңге болады деп отырмыз", — деді министр. 

Оның айтуынша, магистралды газ құбырының құрылысына 267 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр. 

"Қазір халықаралық қаржы институттарымен келіссөз жүріп жатыр. Шамамен 70 – қарыз, 30 – өзіміздікі",- деп атап өтті Бозымбаев.