Экономика

Банктердің "7-20-25" бойынша ипотекалық кредитті қашан бере бастайтыны белгілі болды

Жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша кредитті жылдың екінші жартысында алуға болады
Sputnik

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Жаңа ипотекалық "7-20-25" бағдарламасы мамыр айында бекітіледі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ақышев "7-20-25" бағдарламасы бойынша кімдер баспаналы бола алатынын айтты
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков ипотекалық бағдарламаны мамыр айында бекіту жоспарланып отырғанын айтты.

"Бірінші жартыжылдықта барлық дайындық іс-шарасын аяқтап, екінші жартыжылдықтан бастап банктер жаңа бағдарлама бойынша кредит бере бастайды деп жоспарлап отырмыз. Бұл кредиттердің алғашқы пулы жасақталған соң, біздің еншілес ұйым сол кредиттерді сатып ала алады, яғни тетіктің өзі іске қосылады", — деді Смоляков үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Мемлекет басшысы ұсынған "7-20-25" бағдарламасының негізгі шарты мынадай: несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 проценттен, бастапқы жарнасы 20 проценттен аспайды. Несие мерзімі – 25 жылға дейін.