Оқиға

Астанада өрт шықты: терезеден секірген қызды жедел жәрдем алып кетті

Алдын ала мәлімет бойынша Астанада техникалық қызмет көрсету станциясы (СТО) жанып жатыр
Sputnik

АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Астанада "Оңтүстік-Шығыс" шағын ауданындағы ғимараттардың бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Алдын ала мәлімет бойынша техникалық қызмет көрсету станциясы (СТО) өртеніп жатыр.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, өрттен қашқан бір қыз мансардтағы қабаттан секірген. Оны жедел жәрдем көлігі алып кетіпті. 

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Ғимараттағы өртті сөндіру бойынша дұрыс әрекет ету үшін қызметкерлер нысанды зерттеп қарап жатыр. Зардап шеккендер бойынша әзірге ақпарат жоқ", — деді Sputnik Қазақстанға төтенше жағдайлар комитетіндегілер. 

1 / 2
Астанада Оңтүстік-Шығыс ауданында ірі өрт шықты
2 / 2
Астанада Оңтүстік-Шығыс ауданында ірі өрт шықты

Оқиға орнында 30 өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға 16 техника тартылған.