Қоғам

Абаев Әблязовтің экстремистік қозғалысына қатысты түсініктеме берді

Министр экстремистік деп танылған қозғалыс туралы ақпарат тарататындар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтты
Sputnik

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мұхтар Әблязовтің "Қазақстанның демократиялық таңдауы"  қозғалысының экстремистік деп танылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әблязов негізін қалаған қозғалыс Қазақстанда экстремистік ұйым болып танылды

"Маған соттың шешімімен танысу керек. Менің білуімше, бұл заңды күшіне бірден емес, он күннен кейін енеді. Әр жағдайда жеке-дара талдау жүргізген жөн. Егер Қазақстан азаматтары тыйым салынған немесе экстремистік деп танылған ұйымның қызметі туралы ақпарат тарататын болса, онда олар тиісті заңмен қудаланады", — деді министр. 

Абаев шетелде қашып жүрген олигархтың Қазнеттегі қызметін шектеу жағы қарастырылып жатқанын айтты. 

"Біз қазір қарастырып жастырмыз. Сот шешіміне сәйкес қажетті шараларды қабылдаймыз", — деген ол қазақстандықтар экстремистік деп танылған қозғалыс туралы ақпарат таратса, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты.