Оқиға

Өзбекстанда "жеңгетайлық" жасаған қазақстандық әйел ұсталды

Әйел адам мен сыбайласы жезөкшелердің тапқан ақысының жартысын алып отыруды көздеген
Sputnik

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Қазақстан азаматшасы жезөкшелікпен айналысу үшін шетелге қыздар жіберді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Өзбекстанның ішкі істер министрлігі тергеу департаменті.

Ақтауда қыздардың жезөкшелікпен айналысқанын мойындаған видеосын олардың отбасына жібермек

Өзбек полициясына алтыншы наурызда әйел адам арыз берген. Оның айтуынша, 33 жастағы Өзбекстан азаматы мен 43 жастағы қазақстандық әйел жезөкшелікпен айналысу үшін шетелге қыздар жібереді екен. Әйелдің сөзіне сүйенсек, қылмыстық жұп оған айына екі мың долларға жезөкшелікпен айналысуға ұсыныс білдіріпті, тапқан ақшасының жартысын соларға беріп отыруы тиіс екен. 

Қазақстан азаматшасы мен өзбекстандық 9 наурызда заңсыз шекара аспақ болғанда ұсталды.

"Адамдар сату" бабында қарастырылған қылмыстық белгілер бойынша іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.