АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде 2-сынып оқушысы көлік астына түсіп қаза тапты, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстанға.
Оқиға Гете көшесінде №31 мектептің алдында болған. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, 2-сынып оқушысы жаяу жүргіншлер өткелінен өтіп бара жатқанда, оңтүстік бағытта Toyota Corolla келе жатқан.
Неге екені белгісіз, жүргізуші тоқтамай, бар жылдамдықпен баланы қағып кетті. Қайғылы оқиғаның куәгерлері айтқандай, бала көлік астында қалған.
Оқушы алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше көз жұмды.
Оқиға орнында полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.