Оқиға

Астанада мас әкесі соққыға жыққан қыз ауруханаға түсті

Анасының айтуынша, қызды мас әкесі ұрып-соққан
Sputnik

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Астанада 11 жастағы қыздың миы шайқалып, ауруханаға түсті.

Балиева: қыз бала диваннан құлап, ауыр жарақат алды дегенге сенбеймін

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 10 наурызда болыпты. 

"Екінші қалалық балалар ауруханасына 2007 жылы туған қызды анасы ертіп келген. Оның айтуынша, қызын мас әкесі ұрып-соғыпты. Баланы дәрігерлер қарап, миы шайқалды деген диагнозбен нейрохирургия бөліміне жатқызды", — деп мәлімет берді қаланың денсаулық сақтау басқармасы.

Қазір оның хәлі бір қалыпты, ауруханада жатып емделіп жатыр.