Қоғам

Синоптиктер: бірнеше облыста күн суытады

"Қазгидромет" РМК 13-15 наурыздағы ауа райына болжам жасады
Sputnik

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағынан өтетін атмосфералық ағымдардың әсерінен солтүстікте қар, оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсіп,  көктайғақ болады, ауа температурасы төмендейді. 

Синоптиктер наурыз айында ауа райы қандай болатынын айтты
Батыс және солтүстік облыстарда температура климаттық нормадан 3-7 градусқа төмен болады. Атмосфералық ағымдардың әсерінен қалған облыстарда да күн суытады. 

"12-14 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын (негізінен жаңбыр) түседі. Осыған байланысты, мұздар еріп, жазық жерлерде және таулы өзендерде беткейлі ағын пайда болуы мүмкін. Су деңгейі көтеріліп, алқаптарға жайылуы мүмкін.10 наурыздағы жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) суреттері бойынша Алматы облысы аумағының 22%-да, Жамбыл облысы аумағының 3%-да, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағының 3%-да қар жамылғысы жатыр", — делінген хабарламада. 

12-13 наурызда Қызылорда облысында Сырдария өзенінде мұздың еруінен су арнасынан тасуы мүмкін.