Өңірлер

Шымкентте кеше жоғалып кеткен екі жасар сәбидің денесі табылды

Әлинұр Ерболатұлы кеше түскі сағат екіде жоғалып кетті
Sputnik

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Шымкентте кеше түсте жоғалып кеткен баланың денесі табылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп жазады otyrar.kz. 

Павлодар облысында өртенген үйден әйелдің мәйіті табылды
Баланың мәйіті Қарасу арнасының Бадам өзеніне құятын жерінен табылды. 

Естеріңізге салып өтсек, 2,5 жасар сәби 11 наурыз күні шамамен 14:00 кезінде жоғалып кеткен болатын. Іздеу жұмыстарына 100-ден аса адам жұмылдырылды. 

Шымкент әкімдігі Әлинұр Ерболатұлының ата-анасына көңіл айтады. 

"Біз сәбидің әке-шешесі мен туған-туысқандарына көңіл айтамыз. Ата-аналарға балаларына барынша мұқият болуға кеңес береміз", — деді қала басшылығы.