Өңірлер

Павлодар облысында анаконданың суретіне түсініктеме берілді

Желіде ауыл тұрғындарының анаконда ұстап тұрған суреті таралып жатыр
Sputnik

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Павлодар облысында Лебяжі ауданының тұрғындары Ертістен анаконда ұстап алғаны жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы осы ауданға қарасты "Черное" орман шаруашылығының орманшысы Арман Базилий хабарлады. 

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде таралған суретте бейнеленген адамдар Лебяжі ауданындағы өзі тұратын Жаңатаң ауылының тұрғындары емес.   

Павлодар облысында ұсталынды делінген анаконданың фотосы
 

"Менің жерлестерім Ертістен ешқандай анаконда ұстаған жоқ", — деп мәлімдеді Базилий.

Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Қазақстанда анаконда ұсталғаны туралы хабарлама тараған болатын. Бірақ бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.