АСТАНА, 12 наурыз — Sputnik. Ақтауда Жантурин атындағы театрдың ғимаратында әйелдер жанжал шығарды, деп жазды "Лада".
Әйелдер Н.Жантурин атындағы музыкалық драма театрдың көрермендер залында жаға жыртысқан, олардың төбелесін көрермендердің бірі видеоға түсіріп алған.
Кадрда әйелдер бір-бірінің шашынан ұстап сілкілеп, балағат сөздер айтып жатқаны көрінеді.
Театр басшылығы жанжалға кішкентай баланың байқамай әйелдердің бірінің аяғын басып кетуі себеп болғанын айтты. Мекеме әкімшілігі драма театрда бұған дейін көрермендер арасында төбелес болмағанын мәлімдеді.
Басшылықтың айтуынша, тоғызыншы және оныншы наурызда үлкен зал Мәскеу балалар циркіне жалға берілген.