АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия президенті Джоко Видодоны Қазақстанға шақырды, деп хабарлайды парламент сенатының баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының шақыруын Джоко Видодоға Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жеткізеді. Тоқаев Индонезияға 12-14 наурыз аралығында жұмыс сапарымен барады.
"Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында ел президенті Джоко Видодомен кездеседі.Сенат төрағасы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен индонезиялық президентті Қазақстанға ресми сапармен келуге және VI әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысуға шақырады", — делінген хабарламада.
Тоқаев Индонезияның халық конгресінің басшылығымен парламентаралық байланысты нығайту мәселелерін талқылайды.