Видео

Леопард көшеде адамдарға шабуыл жасады - видео

Үндістанның Индаур қаласына жабайы леопард кіріп, адамдарға шабуыл жасады
Sputnik

Жергілікті тұрғындар полиция және жануарлармен айналысатын мамандарды шақырған.

Леопардты тордың көмегімен салынып жатқан үйге қамамақ болады, алайда жыртқыш сытылып кетіп, бір адамды жарақаттады, деп хабарлайды РИА Новости Times of India басылымына сілтеме жасап.

Бірнеше сағаттан соң жануарлар қызметінің өкілдері жыртқышты тыныштандырғыш препараттың көмегімен ұйықтатты.

Басылым атап өткендей, леопардты бостандыққа жібереді.