Әлем

Көлікте кәсіпкер мен кішкентай ұлының денесі табылды

Болған оқиғадан кейін бір жарым ай өткенде 40 пен 46 жас аралығындағы үш күдікті ұсталды
Sputnik

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Орынборда кәсіпкер мен оның кішкентай ұлының денесі көптеген пышақ жарақатымен көліктен табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен үш адам ұсталған.

Өзен жағасынан 26 шабылған қол салынған қап табылды

Өңірлік тергеу басқармасы хабарлағандай, 35 жастағы кәсіпкер мен оның жеті жастағы ұлын аяусыз өлтіріп, ізін жасыру үшін көлікті өртеген, деп жазады РИА Новости.

Көлік 17 қаңтарда тұрғын үй ауласынан табылыпты.

"Жедел іздеу шаралары арқасында аяусыз кісі өлтірді деген күдікпен үш адам ұсталды. Олар Орынбор облысы Абдулин ауданының 1978, 1975 және 1972 жылы туған тұрғындары", — деп хабарлады Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі  Светлана Петренко.

Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыс себебі мен әр күдіктінің атқарған рөлі анықталуы тиіс. Тергеушілер болған оқиғаның бірнеше желісін алға тартады, оның ішінде бизнесменді кәсіптік қызметіне байланысты өлтіруі мүмкін.