Экономика

Қазақстанда баспана қымбаттады

Жаңа салынып жатқан үйлердің де, жеке тұрғын үйлер мен жалдамалы баспананың да бағасы өсті
Sputnik

АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. 2018  жылдың басынан бері Қазақстанда баспана қымбаттады, бұл мәліметті Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті ұсынған.

Астана әкімі баспана бағасы қанша екенін айтты

Комитет дерегіне сүйенсек, бір шаршы метрдің орташа құны жаңа салын жатқан үйлерде ақпандағы көрсеткіш бойынша 260 613 теңге. Былтырғы жылдың соңғы айымен салыстырғанда 0,2% өсім байқалады.

Жеке тұрғын үйлердің бағасы да 0,1%-ға қымбатапты, шаршы метрі — 114 273 теңге.

Баспана жалдау үшін қазақстандықтар орташа есеппен шаршы метріне 1335  теңге төлейді, бұл 2017 жылдың желтоқсанындағы орташа бағадан 0,5%-ға артық.