АСТАНА, 10 наурыз — Sputnik. Алматыда екі көлік соқтығысып, біреуінің күл-талқаны шығып бөлшектеніп қалды, деп хабарлайды оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Mazda Қорғалжын трактымен солтүстік бағытта келе жатып, Қайрат ауылына қарай бұрылмақ болады. Сол кезде Mitsubishi Galant көлігі де солтүстік бағытта кетіп бара жатады.
Неге екені белгісіз Mitsubishi Galant Mazda көлігіне бір-ақ соғылады. Соққының күштілігі сонша Mazda көлігінің күл-талқаны шығып бөлшектеніп қалған. Жол апатынан Mitsubishi Galant жүргізушісі зардап шекті. Ол әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Ал Mazda жүргізушісіне түк болмаған.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Mitsubishi Galant жүргізушісі мас болыпты.